Солтүстік Македонияда ауруханадағы өрттен қаза тапқандар саны 14-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Македонияда ауруханадағы өрттен қаза тапқандар саны 14-ке жетті

09.09.2021

Солтүстік Македонияда коронавирус ауруханасы өртеніп, кемінде 14 адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде медициналық персонал жоқ. Сарапшылар опат болғандарды анықтауға кірісті. Ал, жараланғандардың саны әзірге белгісіз.

Трагедия елдің батысындағы Тетово қаласында болған. Госпитальді сәрсенбі күні кешкісін от шалған. Мамандар оны бір сағатқа жетпей сөндірді. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, құрбандар көбеюі мүмкін. Өйткені, бірнеше пациент ауыр халде жатыр.

Премьер-министр Зоран Заевтың сөзінше, өртке жарылыс түрткі болса керек. Бірақ, кейбір болжамдарға қарағанда, бұл оқиғаға оттегі балонының атылуы себеп болуы мүмкін.

Солтүстік Македонияның 2 миллион тұрғынының 30 пайызға таяуы ғана вакциналанған. Ал, тамыздың соңында мұнда коронавирус қайта өрши бастады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу