Қытай ғарышта электр станциясын салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай ғарышта электр станциясын салады

19.02.2019

Қытай ғалымдары ғарышта электр станциясын салуды қолға алды. Ол Күн энергиясын ашық кеңістікте тікелей жинап, лазердің көмегімен Жерге тарататын болады. Осылайша электр қуатын алудың тағы бір тиімді жолы пайда болмақ.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, ғарыш станциясы энергияны тәулік бойы өндіре алады. Сонымен қатар ол ауа райының, маусымның немесе тәуліктің өзгеруіне қарамастан жұмыс істей береді екен. Бұл – жердегі Күн панельдерімен салыстырғанда алты есе тиімді болмақ. Алғашқы электр станциясын 2021-2025 жылдары іске қосу жоспарланып отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу