Елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық сараптама жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық сараптама жүргізілді

04.10.2023

Елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық сараптама жүргізілді. Қорытындылары дайын. Президент биылғы жолдауында ұсынғандай, енді жалпыұлттық референдум өткізіп, нақты шешім қабылдау керек. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, ҚазЭнерджи форумында осылай деді.

Шара барысында, елдің энергетикалық қауіпсіздігі талқыланып жатыр. Оған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше 10 елдің өкілі жиналған. Ал Қазақстан қазіргі уақытта Орталық Азиядағы энергетикалық көшбасшы позициясын нығайта түсуі керек. Сондықтан, атом станциясын салу үшін Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және Ресейдің жобалары қарастырылып жатыр, - деді Энергетика министрі.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Бұл тізімдегі елдерге қосымша энергетика министрлігі АҚШ-тың ұсынысын да қарастырып жатыр. Олар шағын модульді екі реактр орнатуға болатынын айтқан. Дегенмен, біз бір де бір елмен келісімге келген жоқпыз. Референдумның қорытындысын күтеміз. Келесі шешімдер халық таңдауын жасағаннан кейін бірақ шығарылады.


Хабарламаларға жазылу