Қазақстанда екi атом станциясының орналасатын жерлерi анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда екi атом станциясының орналасатын жерлерi анықталды

05.12.2014
Қазақстанда екi атом станциясының орналасатын жерлерi анықталды

«Бiз екi атом электр станциясын салуды жоспарлаудамыз. Үкiметтiк комиссия құрылып, олардың орналасуына тиiмдi үш жердi анықтап бердi. Солардың iшiнен екi жер таңдалып алынды.

Осы жылы атом электр станциясын салуда қыруар тәжiрибесi бар халықаралық компаниялармен келiссөздер жүргiзiлiп, олардың технологияларын тарту бойынша талқылаулар болды.

Олардың мүмкiн болар орындары – Шығыс Қазақстанда бұрынғы Семей полигонындағы Курчатов қаласының маңы және Балқаш көлi маңайы. Қазiр жұмыстар жалғасуда.

Таяудағы 2-3 жылда халықаралық сарапшыларды тарта отырып, атом станцияларының құрылысы жайында түбегейлi шешiм қабылдаймыз. Жұмыс әрі қарай атқарылады, - дедi ҚР Энергетика вице-министрi Бақытжан Жақсалиев.

Хабарламаларға жазылу