Варшавада Таяу Шығыс елдерінің мәселесі жөнінде конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Варшавада Таяу Шығыс елдерінің мәселесі жөнінде конференция өтті

14.02.2019

АҚШ-тың ұйымдастыруымен өткен жиынның басты мақсаты - Иран мәселесін талқылау. Сондай-ақ, күн тәртібінде Палестина-Израиль арасындағы бейбіт процестер мен Сирия, Йемендегі қақтығыстар да қаралды.

Конференцияға 60-қа жуық мемлекеттің өкілі қатысқан. Олардың ішінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да бар. Саммит кезінде Палестина мен Иран азаматтары Варшава көшелеріне шығып, шеру ұйымдастырған. Олар бұл жиынға Нетаньяхудың қатысуына және АҚШ-тың Тегеранға қарсы санкция жариялауына қарсы екенін білдіріп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу