Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

04.09.2016
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қарастырылды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы жағдай жөнінде де пікір алмасты.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жаһандық терроризммен және экстремизммен күресте халықаралық қоғамдастықтың күшін жұмылдырып, іс-қимылды нақты үйлестіру қажеттігін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу