Қатарға ауыл шаруашылығы өнімі қажет – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатарға ауыл шаруашылығы өнімі қажет – сарапшы

14.02.2024

Қатармен байланыс сан салада жанданбақ. Сарапшылар монархиялық елдің инвесторларын тау-кен, фармацевтика салалары да қызықтыратынын айтып отыр. Десе де, ең маңыздысы ауыл шаруашылығы саласы.

Қазыбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Өздеріңіз білесіздер қазір әлемде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі үлкен мәселеге айналып отыр. Ал шөлейтте орналасқан Қатар үшін экологиялық таза жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері өте қажет. Осы тұрғыдан алған кезде Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері ауыл шаруашылығы бағытындағы өнімдері Қатарға үлкен қызығушылық тудырады. Ал Қазақстан үшін әрине Таяу шығыс елдерінің нарығына шығу өте маңызды.

Хабарламаларға жазылу