Украина парламенті елдің Еуропа Одағына және НАТО-ға өту бағытын Конституцияға бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина парламенті елдің Еуропа Одағына және НАТО-ға өту бағытын Конституцияға бекітті

07.02.2019

Негізгі заңға осындай өзгеріс енгізу туралы жобаны 334 депутат қолдап дауыс берген.

Осыған дейін Киев Еуропа Одағымен кең ауқымды сауда туралы келісімге қол қойды. Ол құжат 2017 жылы қыркүйекте күшіне енді. Ал, Донбасста соғыс басталғаннан бері Украина НАТО-ға кіруге күш салып жатыр. Алайда, Ресей өзінің батыс шекарасына Солтүстік атлантикалық альянс әскерінің жақындауына қарсы.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу