Прагада ауқымды шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прагада ауқымды шеру өтті

29.09.2022

Прагада энергия бағасының қымбаттауына, елдің НАТО мен Еуропа одағына мүшелігіне қарсы ауқымды шеру өтті. Оған ондаған мың адам қатысқан.Демонстрация «Ең алдымен Чех Республикасы» деген атпен өтіп, манифестанттар үкіметті Брюссель мен Америкаға қызмет етуді тоқтатып, жергілікті халықтың мүддесін бірінші орынға қоюға шақырды. Олардың айтуынша, ел ешқандай блокқа кірмей, әскери бейтараптық саясатын ұстануы керек.

Сонымен қатар, шерушілер Украинадағы жағдайға байланысты өсіп кеткен энергия құнын түсіруді талап етті. Үкімет осы айда электр қуатының бағасын шектеуге және компанияларды қаржылай қолдауға бағытталған бағдарлама қабылдағанын мәлімдеп отыр. Бұл мемлекет те Еуропа одағының Ресейге қарсы санкцияларына қосылып, Мәскеуге қатысты қатаң позиция ұстанып келеді.


Хабарламаларға жазылу