Рим Папасы: Бірлік қана проблемаларды шеше алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рим Папасы: Бірлік қана проблемаларды шеше алады

14.09.2022

Дін бостандығы түрлі сенімдегі адамдардың ынтымақ пен мейірімде өмір сүруіне ықпал етеді. Қазақстан – осы құндылықтарды сақтауға бейім мемлекет. Рим Папасы Франциск Дін көшбасшылары съезінде осылай деді. Сонымен қатар Қазақстан арқылы әйгілі «Жібек жолы» керуенінің жолы өткен. Тарихы бай мемлекет. Бейбітшілік пен достықты ұстанған ел, деді Рим Папасы. 20 жылға жуық тарихы бар ауқымды дін көшбасшылары съезінің әлемдік аренада маңызы зор. Католик шіркеуінің басшысы кезекті басқосу пандемиядан кейінгі жағдайда діннің рөлі қандай деген сұраққа жауап іздеуге көмектеседі деді.

Франциск, Рим Папасы:

Пандемия әлемдегі өзекті 4 проблеманың негізгісі болып қалды. Сіздердің назарларыңызды осыған аударғым келеді. Мұндай күрделі жағдайда діндердің бірігуі аса қажет. Пандемия кезінде бәріміз де шарасыз екенімізді түсіндік. Бастысы – ынтымақ пен бірлік. Проблемаларды бәріміз жұдырықтай жұмыла отырып, шешуіміз керек.


Хабарламаларға жазылу