Газа секторында болған қақтығыс кезінде 14 палестиналық жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа секторында болған қақтығыс кезінде 14 палестиналық жараланды

31.01.2019

Газа секторының солтүстігінде болған қақтығыс кезінде Израиль жауынгерлері оқ атып, кемінде 14 палестиналықты жаралады. Анклав тұрғындары теңіздегі блокаданы алып тастауды талап етіп шеруге шыққан. Бұл акцияға жүздеген палестиналық қатысты. Наразы жұртты тарату үшін Израиль сарбаздары көзді жасаурататын газ қаруын да қолданған. Ал, демонстранттар оларға тас атып, дөңгелектерді өртеп, аспанға батпырауық ұшырап қарсылық көрсеткен.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу