Израильдің жаяу әскері газада операция жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдің жаяу әскері газада операция жүргізіп жатыр

04.12.2023

Израильдің жаяу әскері Газа секторында Хамасқа қарсы операция бастады. Соңғы мәліметке қарағанда, негізгі шайқас палестиналық анклавтың оңтүстігіндегі Хан-Юнус қаласы маңында жүріп жатыр.

Айта кетсек, танкілер кірмес бұрын бұл сектор үш күн бойы бомбаланған. Хамас пен Израиль арасындағы жеті күндік ымыра жұма күні аяқталды. Содан бері Газада Израильдің шабуылдарынан кемінде 500 адам мерт болыпты. Бұл қақтығыс қазанның 7 күні хамастықтар Израильдің оңтүстігіне кенеттен басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, 240 тұрғынды Газаға ұрлап алып кеткеннен кейін басталды. Екі айға жуық уақытта Израильдің кек алу операцияларынан 15 жарым мыңдай палестиналық қаза тапқан.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу