Электромобиль технологиясына жұмсалатын қаржыны 300 млрд долларға арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электромобиль технологиясына жұмсалатын қаржыны 300 млрд долларға арттырмақ

16.01.2019

Әлем автоконцерндері алдағы 5-10 жылда электромобиль технологиясына жұмсалатын қаржыны тағы 300 миллиард долларға арттырмақ. Мұндай жоспар Детройтта өтіп жатқан Солтүстік Америка Халықаралық Автомобиль көрмесінде жарияланды. Бұл инвестицияның жартысына жуығы Азияда табиғи отыннан экологиялық таза энергияға көшуге, электромобиль батареясын шығаруға, адамдарды «жасыл» энергияға негізделген көліктерге отырғызуға бөлінеді.

Айта кетсек, бүгінде Қытайда, Германияда, Солтүстік Америкада электромобильдерді жаппай шығаруға жүздеген миллиард доллар жұмсалып отыр. Сонымен қатар, бұл мемлекеттерде электрофикацияны жеделдету мақсатында бензиндік және дизельдік моторларды шектеу шаралары күшейіп келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу