В.Алекперов: «Лукойл» «Астана ХҚО» жұмыстарына қатысу мүмкіндігін белсенді қарастыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В.Алекперов: «Лукойл» «Астана ХҚО» жұмыстарына қатысу мүмкіндігін белсенді қарастыруда

17.06.2016
В.Алекперов: «Лукойл» «Астана ХҚО» жұмыстарына қатысу мүмкіндігін белсенді қарастыруда

«Лукойл» компаниясы «Астана халықаралық қаржы орталығына» қатысу мүмкіндігін белсенді қарастыруда, бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан 20-шы экономикалық форумы аясында Ресей Федерациясының іскер топтар өкілдерімен кездесуінде компания басшысы В.Алекперов мәлім етті.

В.Алекперов «Лукойл» компаниясы 40-тан астам елде жұмыс жасайтынын, соның ішінде Қазақстан аумағындағы жұмысы компанияның даму стратегиясында ерекше орында тұратынын айтты. 10 жылдың ішіндегі белсенді инвестициялық жұмыстарында компания 4 млрд доллардан астам қаржыны энергетика саласындағы жобаларға салған. Әлеуметтік саладағы иневестициялары осы мезгіл ішінде 300 млн долларға жеткен.
Энергетика саласында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының перспективасы туралы сөз қозғаған В.Алекперов Каспий теңізі бағытындағы РФ пен Қазақстанның біріккен стратегиялық мүдделеріне назар аудартты. «Лукойл» басшысының сөзіне қарағанда, Каспиймен байланысты жобалар Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық қозғалтқышы болмақ.
В.Алекперов «Лукойл» компаниясы «Астана» Халықаралық қаржы орталығы» жұмысына қатысу мүмкіндігін белсенді қарастырып отырғанын айтты.

 

Хабарламаларға жазылу