Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Д.Трамппен кездеспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Д.Трамппен кездеспек

10.01.2019

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, саммитте ядролық мәселе бойынша нәтижеге қол жеткізбек. Мұны ол Қытайға сапарында мәлімдеген. Айта кетсек, Ким арнайы пойызбен осы аптада Бейжіңге сапар шегіп, онда екікүндік саммитте ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жүздесті.

Айта кетсек, Трамп пен Солтүстік Корея басшысы арасындағы келіссөздердің қайда өтетіні әзірге белгісіз. Ол кездесудің негізгі тақырыбы Корей түбегін ядролық қарудан тазарту туралы болуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу