Хайнаньға визасыз баруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хайнаньға визасыз баруға болады

07.01.2019

Қытай билігі Хайнань аралына демалысқа баратын қазақстандықтардың визасыз келуіне рұқсат береді. Қытайдың Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған кездесу кезінде осы ақпарат жария болды. Аралға саяхаттап бармас бұрын турист өзі туралы ақпаратты Хайнань провинциясындағы агенттікке жөнелтуі керек. Демалушылар туристік визамен 30 күн аралда еркін жүріп-тұруына болады. Егер, турист құрлықтағы Қытайға барғысы келсе виза рәсімдеуі шарт.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу