Лондонның «Гатвик» әуежайында дрондардың кесірінен рейстер кейінге қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонның «Гатвик» әуежайында дрондардың кесірінен рейстер кейінге қалды

20.12.2018

Лондонның «Гатвик» әуежайында рейсттер кейінге шегерілді. Бұған осы аэродромда екі дронның ұшып жүруі себеп болған. Соның кесірінен, елдегі жолаушылар санының көптігі бойынша екінші орындағы әуежайдың жұмысы 5 сағат бойы тоқтаған. Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас сәтте адамдар әбден әбігерге түсіп отыр. Соңғы деректерге қарағанда, әуежайға қонатын кейбір ұшақтар басқа әуежайларға жіберілген. «Гатвик» әкімшілігі жолаушылардан кешірім сұрап, бұл қауіпсіздік мақсатында жасалып отырғандығын жеткізді.  

Айта кетсек, Ұлыбританияда жекеменшік пилотсыз аппараттардың ұшақтармен соқтығысуы кейінгі кезде жиілеп кеткен. Былтыр осындай 92 оқиға тіркелген.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу