Түркиядағы Бодрум курортын алапат су тасқыны жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы Бодрум курортын алапат су тасқыны жайлады

30.11.2018

Түркияның туристер арасында танымал Бодрум курортын алапат су тасқыны жайлады. Оның алдында Эгей теңізі жағалуындағы қалаға үздіксіз жауын жауып, күшті жел соққан. Оның салдарынан қала көшелері тасқын астында қалып, су ғимараттардың төменгі қабаттарын дейін жеткен. Үйлер, мейрамханалар мен дүкендерге айтарлықтай зақым келіп, көліктерді су шайып әкетті. Бұған қоса, Бодрумның басты автомобиль жолдары да тасқын астында қалған. Құтқарушылар бірнеше тұрғынды экскаватормен қауіпсіз жерге жеткізді. Ауа райын бақылаушылар жауын-шашын әлі бір аптаға созылатынын ескертті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу