Таиландтың он провинциясын алапат су тасқыны жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландтың он провинциясын алапат су тасқыны жайлады

03.08.2017

Табиғи апат 23 адамның өмірін қиған. Жүздеген мың тұрғын зардап шекті. Жағдай әсіресе, елдің оңтүстік-шығыс аудандарында қиын.

Тасқын жүрген елді мекендерге құтқарушылар ауызсу, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізе бастады. Айта кету керек, Таиланд Корольдігі қазір жаңбырлы маусымды бастан кешіп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу