Трамп Путинмен «Үлкен жиырмалық» саммитінде кездеспеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Путинмен «Үлкен жиырмалық» саммитінде кездеспеуі мүмкін

28.11.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Аргентинада апта соңында өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитінде кездеспеуі мүмкін. «Вашингтон пост» газетіне берген сұхбатында Трамп бұған Керчь бұғазындағы оқиға себепші деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Ақ үй басшысына сол қақтығыс ұнамаған.

Әзірге, Трамп елдің ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Керчь бұғазында ресейлік шекарашылардың Украина әскери-теңіз күштерінің екі кемесіне оқ атып, басып алуына қатысты шешуші жауабын күтіп отыр. Бұған дейін ресми Вашингтон Трамп пен Путин «Үлкен жиырмалық» отырысында кездесіп, қауіпсіздік мәселелерін, қарулануды бақылау және Украинадағы жағдайды талқылайтынын хабарлаған еді. Ал, қарашаның ортасында екі президент І Дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 100 жылдығын тойлау үшін Парижге барып, онда да кездескен жоқ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу