Йеменде аштықтан 85 мың бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменде аштықтан 85 мың бала қайтыс болды

21.11.2018

Йеменде соңғы 3 жылда бес жасқа дейінгі 85 мың бала аштықтан өлді. Мұндай мәліметті Британиядағы «Балаларды құтқар» қайырымдылық ұйымы жариялап отыр. Ал, өткен айда Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеме жасап, бұл Араб Республикасында 14 миллион йемендікке аштық қаупі төніп тұрғанын ескертті.

Сүнниттік Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы президент Мансұр Хадиді елден қашуға мәжбүрлеген шиит-хуситтерге қарсы соғысты 2015 жылы бастады. Содан бергі әскери жанжалдардан 7 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, 10700-і жараланған. Ал, 22 миллиондай адам гуманитарлық көмекке мұқтаж болып отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу