Йеменде 20 миллион адам аштыққа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменде 20 миллион адам аштыққа ұшырады

11.12.2018

Йеменде халықтың 70 пайызы – 20 миллион адам соғыс кесірінен аштыққа ұшырады. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 15 пайызға өскен. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректеріне сүйенсек, қазір ел тұрғындарының гуманитарлық жағдайы үрей туғызып отыр. Ал, 250 мың адам кедейшілік пен аштықтан өлім аузында тұр. Әсіресе, 4 провинция – Таиз, Саада, Хаджа және Ходейдадағы ахуал нашар. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елдегі 333 ауданның 152-де күнкөріс әбден қиындап кеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымы келер жылы Йеменге 4 млрд. доллардың гуманитарлық көмегін жібермек.

Айта кетейік, 2015 жылдың наурыз айында Сауд Арабиясы Йемен үкіметін қолдап, Иранды жақтаған көтерілісшілерге қарсы соғыс бастады. Содан бері бұл мемлекетте азық-түліктің бағасы шарықтап, жұмыссыздық белең алып барады.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу