БҰҰ: 12 миллиондай йемендікті аштықтан құтқару үшін 2,1 млрд. доллар қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ: 12 миллиондай йемендікті аштықтан құтқару үшін 2,1 млрд. доллар қажет

10.02.2017
12 миллиондай йемендікті аштықтан құтқару үшін 2,1 млрд. доллар қажет. БҰҰ халықаралық донор-мемлекеттерден осыншама қаражат сұрап отыр. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, биылғы жыл Йемен халқы үшін өте ауыр тиеді. Бұл елде қазір 3,3 миллиондай адам ашаршылық тауқыметін тартып отыр. Олардың 2 миллионнан астамы – балалар.

Ал, былтыр 63 мыңдай бала азық-түлік тапшылығынан қайтыс болған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу