Канада 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартты

14.11.2018

Калгари қаласында электораттың 56 пайыздан астамы оған қарсы дауыс берді. Өйткені, бұл жарыс қымбатқа түсуі мүмкін. Мысалы, 2014 жылы Ресей Сочи Олимпиадасына 51 миллиард доллар жұмсапты. Жыл басынан бері спорттық шараны өз жерінде ұйымдастырудан Швейцария, Жапония және Австрия да бас тартты. Енді Қысқы ойындар Швеция астанасы Стокгольмде немесе Италияның Миланында өтуі мүмкін. Халықаралық Олимпиада комитеті 2026 жылы Ақ Олимпиаданы қабылдайтын қаланың атын келер жылдың маусымында жариялауы тиіс.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу