Бейжіңде ауаның ластануы қауіпті дәрежеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде ауаның ластануы қауіпті дәрежеге жетті

14.11.2018

Бейжіңде ауаның ластануы қауіпті деңгейге жетті. Соңғы деректер бойынша қаланы көк түтін басып, ескерту дәрежесі «сары» түске дейін көтерілген. Атмосферадағы улы заттардың көбеюіне қыс түскенде адамдардың энергияны, соның ішінде, көмірді көптеп пайдалануы түрткі болып отыр. Осыған байланысты жергілікті тұрғындардың денсаулығына үлкен қауіп төніп тұр. Қытай үкіметі болса, ауадағы зиянды азайту үшін үйлерді өткен айдан бастап табиғи газбен жылытуға көшіре бастағанын жеткізді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу