Таиланд астанасы Бангкокте атмосфераның ластануы қауіпті деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиланд астанасы Бангкокте атмосфераның ластануы қауіпті деңгейге жетті

22.01.2020

Таиланд астанасы Бангкок пен елдің солтүстік аудандарында атмосфераның ластануы қауіпті деңгейге жетіп, 437 мектеп жабылды. Ауа сапасының индексі 170-ке дейін көтерілген. Ал, оның құрамындағы шаң-тозаң бөлшектері нормадан 2,5 есеге асып кетті. Қоршаған ортаның ластануын бақылау департаментінің хабарлауынша, бұл – адамдардың, әсіресе балалардың денсаулығы үшін аса қауіпті. Сондықтан, тұрғындарға үйде қалып, маска тағып жүруге кеңес берілген.

12 миллионнан астам тұрғыны бар Бангкокты түтін жиі басады. Экологтардың айтуынша, бұған автокөліктерден тарайтын газ бен фермерлердің егістік қалдықтарын өртеуі себепші. Одан зардап шегіп жатқан халық биліктен ауаны тазарту бойынша шара қолдануды талап етіп жатыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу