Вьетнам астанасының ауасы ерекше ластанды
Ал, Вьетнам астанасы Ханой тұрғындарын ауаның ластануы әбігерге салды. Жақында қаланың экологиясы тексеруден өткен. Оған сай, бірқатар аудандағы ауаның ластануы аса қауіпті деңгейге жеткені анықталды. Ханой әкімшілігі мұнымен күресу үшін ауа сапасын қадағалайтын 34 станция орнатқан. Экология және тазалық талаптарына сай келмегені үшін 50 мыңға жуық көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды. Сабан мен басқа да қалдықтарды өртеу жіті бақылауға алынды. Көмір жағатын пештердің 99 пайызы қолданыстан шығарылған. Өйткені, одан шыққан улы түтін ауаны ластайды. Дүниежүзілік банк Вьетнам астанасының экологиялық мәселелерін шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Отбасы банк» салымшыларына арналған баспана жәрмеңкесі өтті
20.04.2026, 20:58
Есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
20.04.2026, 20:55
«Таза Қазақстан» экоакциясына 20 мың адам қатысты
20.04.2026, 20:53
Еріктілер Текелі таулы аймағын тазалады
20.04.2026, 20:51
«SuperStar KZ» байқауының кастингі Қызылорда қаласында жалғасты
20.04.2026, 20:47
15 жастағы теннисшіміз Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
20.04.2026, 20:44
Президент ақын Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты
20.04.2026, 20:37
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ отырысына қатысты
20.04.2026, 20:05