Израильдегі аукционда Эйнштейннің хаты сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдегі аукционда Эйнштейннің хаты сатылды

14.11.2018

Альберт Эйнштейннің 1922 жылы жазған хаты Израильдегі аукционда 32 мың долларға сатылды. Сол кезде 43 жаста болған физик қарындасы Майяға жазған хатында Германияда антисемитизмнің белең алуын сипаттаған екен. Яғни, Эйнштейн нацистердің билікке келуінен 10 жыл бұрын осы елдің тағдырына алаңдаушылық білдірген. Ғалымның өзі де сол кезде өзіне қарсы төнген қауіптен Берлиннен қашып, елдің солтүстігінде жасырынып жүрген еді. Ал, 1933 жылы Адольф Гитлер канцлер болып тағайындалғанда, Эйнштейн АҚШ-қа қоныс аударуға мәжбүр болды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу