Парижде екі алып динозаврдың сүйектері 2 миллион 800 мың еуроға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде екі алып динозаврдың сүйектері 2 миллион 800 мың еуроға сатылды

12.04.2018

Парижде аукционда екі алып динозаврдың сүйектері 2 миллион 800 мың еуроға сатылды.

Диплодок қаңқасының ұзындығы 12 метр, ал аллозаврдікі 3,8 метр. Бұл динозаврлар Юра дәуірі кезінде, шамамен 140 миллион жыл бұрын қазіргі Солтүстік Америка аумағында өмір сүрген. Оларды шетелдік сатып алған. Оның аты-жөні мен қай елдің азаматы екені белгісіз.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу