Альберт Эйнштейннің бұрын-соңды жарияланбаған қолжазбасы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Альберт Эйнштейннің бұрын-соңды жарияланбаған қолжазбасы жарық көрді

07.03.2019

Салыстырмалылық теориясының негізін қалаған Альберт Эйнштейннің бұрын-соңды жарияланбаған қолжазбасы мен хаттары жарық көрді. Олардың арасында ғалымның 1930 жылы ұсынған 110 беттік ғылыми мақаласы, математикалық жазбалары, ұлы Ганс-Альбертке жазған хаты бар. Бұл қолжазбалар америкалық жеке коллекционерлердің бірінен алынған.

Естеліктер Иерусалимдегі Еврей университетінің бейнеқорын толықтырды. Бүгінде мұнда Эйнштейнге тиесілі 80 мыңдай экспонат, солардың ішінде ғалымның қолжазбалары, хаттары, фотосуреттері, алқалары мен дипломдары сақталған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу