Нью-Делиде «Дивали» фестиваліндегі отшашудан кейін ауаға улы түтін тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Делиде «Дивали» фестиваліндегі отшашудан кейін ауаға улы түтін тарады

08.11.2018

Бақылау органдарының көрсеткіштері бойынша ауаның ластану индексі «ең нашар» дәрежеге дейін төмендеген. Сондай-ақ, атмосферада өкпеге түсетін улы заттар көбейіп отыр. Бұл жағдай адамдардың тыныс алу жолдары ауруларына шалдығуына әкеп соғуы мүмкін. АҚШ елшілігінің хабарлауынша, ауада токсиндер деңгейі мұнша артқандықтан, қалада төтенше жағдай жариялануы тиіс.

Айта кетейік, жыл сайын мерекеде атылатын отшашудан кейін ел астанасы мен ірі қалаларда ауа қатты ластанады. Биыл Дели әкімшілігі фейрверктерді атуға тек кешкі 8-ден 10-ға дейін рұқсат берген екен. Бірақ, тұрғындардың бәрі бірдей бұл ережені орындап жатқан жоқ.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу