Басты Жаңалықтар Үндістан билігі жасанды жолмен жаңбыр жаудырып көрмек

Үндістан билігі жасанды жолмен жаңбыр жаудырып көрмек

Үндістан билігі ауа сапасын жақсарту үшін жасанды жолмен жаңбыр жаудырып көрмек. Мұндай шара зиянды түтін басқан Нью-Делиде қарашаның 20-нан бастап қолға алынады.

Ел астанасында ауа сапасының индексі 500-ге жетіп қалған. Бұл – денсаулыққа өте қауіпті деңгей. Ауаның ластануынан мектептер жабылып, құрылыс тоқтады. Көлік қозғалысы шектелмек. Айналаны қою түтін басуына фермерлік штаттарда сабан өртеу науқанының басталуы, желсіз, тымық ауа-райы себеп.

Арай Төлеген

Бөлісу