Еуропа Одағы елдерінің уақыты 1 сағатқа кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Одағы елдерінің уақыты 1 сағатқа кейінге шегерілді

30.10.2018

Еуропа Одағы елдері уақытты 1 сағатқа кейін шегерді. Яғни, олар қысқы уақыт режиміне көшіп отыр. Дегенмен, кейбір мемлекеттер үшін бұл соңғы өзгеріс болуы мүмкін. Өйткені, келесі жылдан бастап Еурокомиссия мұндай тәжірибеден бас тартқалы отыр. Демек, әрбір ел сағатты кейінге шегеру-шегермеу мәселесін өздері шешеді.

Жақында жүргізілген зерттеулерге сай, уақытты 1 сағатқа кейін жылжытудан энергия үнемдеу деңгейі мардымсыз екен. Алайда, құрлықтың көптеген мемлекеттері үшін уақыттың бірдей болғаны маңызды. Өйткені, Бельгия, Германия және Францияда тұратын 200 мыңдай адам күн сайын Люксембургте жұмыс істейді екен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу