Трамп өлім жазасын қатаңдатуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп өлім жазасын қатаңдатуды ұсынды

29.10.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп өлім жазасы туралы заңды қатаңдатуға үндеді. Мемлекет басшысы бұл туралы Иллинойста өткен митинг кезінде мәлімдеген. Трамптың мұндай үндеу тастауына Питтсбург қаласындағы синагогаға жасалған шабуыл түрткі болған. Өткен сенбіде діни мекемеде болған атыстан 11 адам қаза тауып, 6-ауы жараланған. Шабуылды 46 жастағы америкалық Роберт Боуерс жасаған екен. Ол өлім жазасына кесілуі мүмкін. Күдіктінің бұған дейін әлеуметтік желілерде антисемиттік бағыттағы көптеген жазба қалдырып келгені анықталған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу