Президент өлім жазасын жоятын заңға қол қойды
Мемлекет басшысы өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды. Енді өлім жазасы Қылмыстық кодекстегі 17 баптан алынады. Осыған дейін бұл жаза терроризм, мемлекетке сатқындық жасау және соғыс кезінде жасалатын ауыр қылмыстарға қолданылып келген. Бастапқыда Қылмыстық кодекстің 13 бабынан өлім жазасын алып, төртеуінде қалдыру жоспарланды. Қасым-Жомарт Тоқаев өткен айда Ұлттық кеңестің кезекті отырысында «өлім жазасын тұтас алып тастау қажеттігін» мәлімдеген еді. 23 желтоқсанда Парламент президент ұсынған нұсқаны мақұлдады.
Мейрамбай Кемалов, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі:
Азаматтық және саяси құқықтар жөнінде пактіге қосылдық. Осы пактіде өлім жазасын бас тарту жөнінде ережелер қарастырылған. Соның бірі екінші факультативтік хаттама деп аталады. Оның басты мағынасы осы өлім жазасынан толық бас тарту жөнінде. Екінші факультативтік хаттамаға қол қойған мемлекеттерден басқа жер бетінде 106 мемлекетте өлім жазасы орындалмайды, тоқтатылған. Одан басқа 56 мемлекет мерзімсіз мораторийға қатысушы елдер болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00