Қазақстанда өлім жазасы қолданылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда өлім жазасы қолданылмайды

23.12.2021

Қазақстанда өлім жазасы қолданылмайды. Ең қатаң жаза өмір бойы бас бостандығынан айыру болады.

Сенатта өлім жазасын жою туралы заң қабылданды. Оған сәйкес, Қылмыстық Кодекстің 11-бабынан өлім жазасы алынып тасталады. Бұл жазаны қолдану шарты, мораторий кезіндегі талаптар туралы арнайы бап та күшін жояды. Осылайша, Қазақстан өлім жазасынан заңды түрде бас тартқан елдердің қатарына қосылды. Ал өлім жазасы алмастырылғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қараша айында өткен отырысында Қазақстанда өлім жазасы қандай да бір ескертпесіз жойылуға тиіс деген ұстанымды білдірді. Осы заңды қабылдай отырып, Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салған елдер тобына қосылды. Сондай-ақ еліміз өлім жазасын толығымен жоюға арналған халықаралық қозғалысты қолдайтынын заң арқылы дәлелдеп отыр. Қабылданған заң еліміздің демократиялық жолмен дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз.


Хабарламаларға жазылу