«Вилла» дауылы Мексикадағы жағажайларға жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Вилла» дауылы Мексикадағы жағажайларға жақындап қалды

24.10.2018

Соңғы деректер бойынша екпінді желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жетті. Майамиге күшті соққы берген дауыл дүйсенбі күні ең қауіпті 5-ші дәрежеге жеткен еді. Қазір ол аздап бәсеңдеп, 3-ші дәрежені көрсетіп тұр. Тоқтаусыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, екпінді жел Мексиканың батыс аймақтарында жүздеген үй мен ғимаратты қиратып кетеді деген қауіп бар. Кей аудандардан адамдар жаппай көшіріліп жатыр. Алапат дауыл, әсіресе, Наярит штатындағы Халиско қаласына күшті соққы беруі мүмкін.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу