«Флоренс» дауылы АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатына жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Флоренс» дауылы АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатына жақындап қалды

12.09.2018

Осыған орай тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Жалпы алғанда, миллионнан астам адам эвакуациялануы тиіс. Дауылдарды бақылау орталығының мәліметінше, «Флоренстің» қуаты ең жоғарғы 5-ші баллға жетуі мүмкін. Мұндай дауылдың қуаты үйлердің шатырын ұшырып, есік-терезелерін сындыруға және ағаштарды құлатуға жетеді. «Флоренс» АҚШ-қа соңғы ондаған жылдарда соққы берген ең қуатты дауыл болуы ықтимал.Табиғи апатқа орай бірнеше штатта төтенше жағдай жарияланды. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу