Филиппин аралдарына «Мангхут» дауылы жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин аралдарына «Мангхут» дауылы жақындап қалды

14.09.2018

Филиппин аралдарына «Мангхут» дауылы жақындап қалды. 5-ші дәрежелі тайфун елдің солтүстігіне ойыса бастаған. Ауа райын бақылаушылардың сөзінше, ол өзімен бірге нөсер жауын мен су тасқынын әкелуі мүмкін. Ал, желдің жылдамдығы сағатына 205 шақырымға жетеді.

«Мангхуттың» күші аралдық мемлекеттің Самар аралынан 1000 шақырым жерде сезіліп жатыр. Табиғи апатпен күреске тұрғындар мен құтқарушылар және қажетті құрал-жабдықтар алдын ала дайын тұр. 

Жалпы алғанда, жыл сайын Филиппинге бас-аяғы 20 тайфун соққы береді екен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу