Францияда саудиялық журналистің өліміне қатысты күдікті тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда саудиялық журналистің өліміне қатысты күдікті тұтқындалды

08.12.2021

Францияда әйгілі журналист Жамал Хашоггиді өлтірді деген күдікпен Сауд Арабиясының азаматы тұтқындалды. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталған адамның есімі - Халед Аэд Алотаиби. Ол бұрын Саудия корольдік гвардиясында қызмет еткен және түрік үкіметі іздеу салған 26 күдіктінің бірі.

Алотаиби Париждің Шарль де Голь әуежайынан әр-Риядқа ұшарда қолға түсті. Оны Түркияға экстрадициялау мәселесін сот қарап жатыр.

Саудия билігі мен оның тақ мұрагерін қатаң сынаған Хашогги 2018 жылы қазан айында монархияның Ыстанбұлдағы консулдығында өлтірілді.

Танымал репортер 2017 жылы Американың «Вашингтон пост» газетінде жұмыс істеген. Сол тұста ханзада Мұхаммед бин Салманның диссиденттерді қудалағаны жөнінде материалдар жариялаған.

Арыстан Рысбек


Франция журналист

Хабарламаларға жазылу