Кипрде алапат құйын адамдарға қауіп төндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кипрде алапат құйын адамдарға қауіп төндірді

23.10.2018

Кипр астанасы Никосияда алапат құйын тұрғындарға қауіп төндірді. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, дауыл Полиометохо және Агос Димитриос аудандарын үлкен шығынға батырды. Қазір әлеуметтік желілер арқылы торнадо түсірілген бейнетаспалар тарап жатыр. Куәгерлер құйынның күшейіп, барлығын жайпап кеткен жерін түсіріп алыпты. Әзірге нақты зардап шеккендер саны туралы ақпарат түскен жоқ. Табиғи апат салдарынан бірнеше үйдің астан-кестеңі шығып, адамдар далада қалған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу