АҚШ-та алапат орман өрті жүздеген үйге қауіп төндірді
АҚШ-тың Калифорния штатында алапат орман өртінен 600-ге жуық үйге қауіп төнді. Апаттық жағдайға байланысты Лос-Анджелес қаласының маңындағы колледж бен мектеп жабылып, 390-ға жуық студент қауіпсіз жерге көшірілген. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, қаланың солтүстік-батысында шамамен 13 мың гектар жер лапылдаған оттың астында қалды. Сондай-ақ, екі ғимарат өртенген. Кей аудандарда электр сымдары зақымданып, жарық сөнді. Қауіп төнген жерлерде жолдар жабылды.
Өрттің өршуіне сағатына 115 шақырым жылдамдықпен соққан жел себепкер болып отыр. Ұлттық метеорология қызметінің хабарлауынша, мұндай екпінді жел бір аптаға созылуы мүмкін.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАтыраулық ғалым жатыр трансплантациясының жолын зерттеуде
17.06.2026, 13:15
Абай облысында 2 теміржол станциясы пайдалануға берілді
17.06.2026, 13:09
БҚО-да ауылдық округ әкімін жұмыстан шығарды
17.06.2026, 13:06
Трамп Иран соғысында мақсатына жетті ме?
17.06.2026, 13:03
Жеке деректерді таратып келген халықаралық арна жойылды
17.06.2026, 13:00
Килиан Мбаппенің қос голы Францияға жеңіс сыйлады
17.06.2026, 10:14