АҚШ-та сұрапыл құйын көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та сұрапыл құйын көтерілді

28.04.2024

АҚШ-тың Айова мен Небраска штаттарында бірнеше мәрте құйын көтерілді. Алапат табиғи апаттан, Айованың Минден қаласындағы тұрғын үйлердің тең жартысына жуығы қираған. Бірнеше адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген. Оларға медициналық көмек көрсетілген. Небраскада да, үйлер мен бассейндерге зақым келіп, ағаштар автожолдарға құлаған. Көлік қатынасы шектелді. Үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

 Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу