Перуде 800 жыл бұрынғы ағаш мүсіндер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде 800 жыл бұрынғы ағаш мүсіндер табылды

23.10.2018

Перудің солтүстігінде 800 жыл бұрынғы ежелгі ағаш мүсіндер табылды. 20 шақты ерекше скульптура археологиялық Чан-чан кешенінде анықталған. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлап отыр. Мүсіндер өңірде табылған ең ежелгі заттар болып отыр. Олардың басым бөлігінің ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Зерттеу жұмыстары кезінде кей фигуралардың қол-аяқтары, бастары жоқ болды. Ал, жақсы күйде сақталғандары арнайы қазылған шұңқырда анықталды. Мамандардың сөзінше, фигуралар 1100 жылы пайда болған тәрізді. Қазір оларды қай мұрайжайға орналастыратыны шешіліп жатыр. 

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу