Мысырда 20 жыл бұрын табылған мумия көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда 20 жыл бұрын табылған мумия көрсетілді

13.12.2017

Мысырда осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын табылған мумия алғаш рет ашылып, жұртшылыққа көрсетілді. Ол бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген ақсүйектің денесі болуы мүмкін. Оны неміс археологы Фредерика Кэмп тапқан. Сол кезден бері мумия толық зерттеліп бітпесе керек. Мумия жерленген моладан ғалымдар 17-18-ғасырларға тиесілі ағаш бетперделер мен мүсіндерді де тапты.

Соңғы кездері Мысырда тарихи ескерткіштер көпшілік назарына жиі ұсынылып жүр. Мұндай шаралар арқылы үкімет 2011 жылғы «Араб көктемі» революциясы кезінде нашарлап кеткен туризмді қайта жандандырудан үмітті. Ал, қыркүйекте 3 мың жыл бұрын өмір сүрген белгілі алтын зергерінің кесенесі мен түрлі әшекей-бұйымдар, мумиялар мен мүсіндер табылған еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу