Украинада православтық шіркеу Ресейден тәуелсіздік алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада православтық шіркеу Ресейден тәуелсіздік алмақ

12.10.2018

Стамбулдағы Константинополь дүниежүзілік патриархаты Украина православтық шіркеуінің Ресейден тәуелсіздік алу құқығын ресми түрде растады. Бұл – соңғы мыңжылдықта христиандар арасында басталған ең үлкен бөлшектену процесі.

Дүниежүзілік Патриархат Киевтің Орыс православтық шіркеуінен бостандық алу туралы талабын үш күн бойы қарап, шешім шығарып отыр. «Синод Украина шіркеуіне автокефали, яғни, тәуелсіздік беруге кіріседі», - деп мәлімдеді 300 миллион православтық христианға басшылық ететін Константинополь патриархаты. Бұған ашынған Ресей православтық шіркеуі Дүниежүзілік патриархатпен байланысын үзетінін ескертті.

Батысшыл президент Петр Порошенконың сөзінше, Мәскеумен діни қатынасты тоқтатудың ар жағында Украинаның тәуелсіздігін, ұлттық қауіпсіздігін қорғау мен әлемдік геосаяси мәселе тұр. Дегенмен, кейбір бақылаушылардың ойынша, Порошенко мұндай қадамға келесі жылы өтетін сайлауда ұпай жинау үшін барып отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу