Украинаның православ шіркеуі Ресейден толық тәуелсіздік алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның православ шіркеуі Ресейден толық тәуелсіздік алды

07.01.2019

Константинополь патриархы Варфоломей Украина православтық шіркеуіне тәуелсіздік грамотасын ресми түрде табыстады. Бұл салтанат жексенбі күні Стамбұлда өтті. Осылайша, Украинаның басты діни мекемесі Ресей православтық шіркеуінен біржола бөлініп отыр.

Киев шіркеу бостандығын елдің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі үшін аса маңызды деп есептейді. Ал, Мәскеу Украинаның бұл ісіне наразылық білдіріп, оның шіркеуінің бөлінуін 1054 жылы батыс және шығыс христиандарының арасына жік салған Ұлы Схизм оқиғасына теңеп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу