Украинада шіркеудің тәуелсіздігін мойындамағандар «Ресейдің агенті» немесе «сатқын» атанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада шіркеудің тәуелсіздігін мойындамағандар «Ресейдің агенті» немесе «сатқын» атанады

01.11.2018

Украинада мыңдаған шіркеу қызметкері қиын таңдауға тап болды. Егер олар елдің Мәскеу патриархатынан тәуелсіздік алып жатқан православтық шіркеуінен бас тартса, Ресей агенті аталады. Ал, бас тартпаса, орыс шіркеуі оларға сатқын деген айдар тағайын деп отыр.

Украина үкіметі үшін православтық шіркеудің Ресейден бостандық алуы – Кремльдің ықпалын шектеу жолындағы маңызды қадам. Ал, президент Петр Порошенко осы мақсатты жүзеге асыра отырып, келесі жылы өтетін сайлауда үлкен ұпай жинаудан үмітті.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу