Понтификтен бата алу үшін елге шетелдіктер келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Понтификтен бата алу үшін елге шетелдіктер келді

13.09.2022

Қазақстанға алғаш рет Рим Папасы осыдан 21 жыл бұрын, АҚШ-қа алапат лаңкестік шабуыл жасалғаннан кейін 11 күн өткенде келген. Бұл - Ауғансанда соғыс басталайын деп тұрған шақ еді. Сондықтан, сол кездегі понтификке Астанаға бармау туралы кеңес берілген. Қазір де әлем тыныш емес. Украинада жеті айға жуық уақыттан бері қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Оны тоқтатудың жолы әзірге көрінбейді. Бір ғажапқа ғана үміт бар, дейді католиктік шіркеу өкілдері.

Томаш Бернард Пета, Нұр-сұлтан қаласындағы қасиетті мәриям ариепархиясының католиктік архиепископы:

Рим Папасы саясаткер емес. Католиктер шіркеуінің басшысы. Ол барлық әлемдік діндердің жетекшілерімен кездеседі. Бір ғажайыпты күтуге құқығымыз бар.

Рим Папасының өсиетін тыңдап, батасын алу үшін Елордаға шетелден католиктер жиналып жатыр. Олардың бар үміті – бейбітшілікте.

Джулия Лекки, Италиядан келген өсиет тыңдаушы:

Біз әртүрлі діндер арасындағы байланыс әлемде бейбітшілік орнатуға көмектеседі деп шынымен үміттенеміз. Ал, Рим Папасы бұл бағытта өзгелермен жемісті еңбек етеді сенемін.

Наталия Шминке, Ресейден келген өсиет тыңдаушы:

Мен үшін Пападан бата алу өте маңызды. Және де онымен бірге дұға қылып, оның дауысын естіп, өсиетін тыңдап, Ресейден, Еуропадан, Азиядан жиналған көпшілікпен қатар шіркеуіміздің ынтымағын да сезінгім келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу