Стамбулдағы Саудия консулдығында тінту жүргізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбулдағы Саудия консулдығында тінту жүргізілмек

09.10.2018

Түркия үкіметі Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығын тінтетінін мәлімдеді. Бұл ғимаратқа өткен аптада кіріп, одан кейін жоғалып кеткен саудиялық журналист Джамаль Хашогги  осы күнге дейін табылған жоқ.

Түркия сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, корольдік журналисті іздеуге ынтымақтастық білдіргендіктен, тергеудің бір бөлігі ретінде консулдық тексерілуі тиіс. Тіпті, Түркия 59 жастағы Хашогги осы ғимараттың ішінде өлтіріліп, оның денесі қара түсті шағын жүк көлігіне салынып, басқа жерге апарылуы мүмкін деп мәлімдеді.

Эр-Рияд бұл жорамалды жоққа шығарып, журналистің көп ұзамай, ғимараттан шығып кеткенін айтып отыр. Бірақ, бейнебақылау камералары Джамальдің ішке кіргенін түсіріп, сыртқа шыққанын көрсетпеген.

Саудия билігін сынаған Джамаль Хашогги АҚШ-қа кетіп, «Washington Post» газетіне мақалалар жазып жүрген.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу